Міржақып Дулатұлы — Гүл

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Гүл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Гүл текст, сөздері, ән мәтіні

(A. С. Пушкиннен)

Кітаптың арасында ұмыт қалған
Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған.
Тоқталып біразырақ сонда мені
Мінеки қиялдарым ойыма алған
Қайда өстің? Қай уақытта? Қайсы жазда?
Кескен кім? Көгердің сен көп пе, аз ба?
Жақынның яки жаттың қолыменен
Салындың не себептен сен осында?
Қызыққа қосылып молыққанда
Айрылған белгісі ме торыққанда?
Оңаша сахарада сайран етіп,
Ағаштың саясында жолыққанда.
Жүр ме екен сол жас әлі тірі?
Қайда екен бишаралар осы күні?
Болмаса кеуіп, семіп қалды ма екен?
Белгісіз мынау гүлдей болып түрі?

Оставьте комментарий