Міржақып Дулатұлы — Жаңа тілек

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Жаңа тілек деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Жаңа тілек текст, сөздері, ән мәтіні

Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,
Ескі жылды есмере де жүрелік.
Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,
Көзің жасты, көңілің қаяу, алашым!
Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым!
Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,
Қасекеңді қас масқара таптасын.
Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,
Аш көзіңді, болма баяу, алашым!
Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян, алашым!
Ұшқан құстай, суда жүзген балықтай,
Табиғатты қолданушы халықтай.
Сен де енді сергісейші жалықпай,
Жүргеңіңше мәңгі жаяу, алашым!
Бүгін халықтың қуанышы кең күні,
Күн менен түн — таразының тең күні.
«Құт-береке болмаса екен кем күні»,
Деп тілелік, қолын жай-ау, алашым!

Оставьте комментарий