Міржақып Дулатұлы — Намыс құрбанына

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Намыс құрбанына деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Намыс құрбанына текст, сөздері, ән мәтіні

(МАРҚҰМ СҮЛЕЙМЕН БИЖАНҰЛЫНА БАҒЫШТАДЫМ)

Сен жоғыңда бұ жалғанда,
«Жалғап олқы» дейді кім?
Сен келгенде арамызға,
Қанша Орасан толды кім?
Қайтып едің қалыбыңа,
Бар ма нәрсе өзгерген?
Сен бір сыншы көрейін деп,
Сұм жалғанға кез келген.
Бар жолдасың бойыңдағы,
Ар-иманың, намысың,
He қылайын деп едің сен,
Бұ жалғанның табысын!
Намысыңа тиіп еді,
Қылдың құрбан мал-жанды,
Ата-анаңды, аға-інің мен
Елі-жұртың жалғанды.
Мен де жаңа білдім енді
Бір жігіттің сымбатын.
Білдіруге келгеніңді
Ар намыстың қымбатын…
1917-1918

Оставьте комментарий