Міржақып Дулатұлы — Шатлық

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Шатлық деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Шатлық текст, сөздері, ән мәтіні

Хайырлы сағат. Алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілік үстіңнен шаады, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.
Аш ұйқыңды, ал қазақты матбуғат,
Шетке қақпа, біздің жұрт та болсын шат.
Талапкерлер майданында жарысып,
Бәйгісіне алып шықсын мағлұмят.
Бұлар келіп, халықты қара ағартсын,
Білмегендер білгіш болып тағы артсын.
Әр алуан ғылымнан алып үлесті,
Шын көңілден халқына сүйген тартсын.
Бұл хабар қуандырар елді байтақ,
Керегін матбуғаттың келген байқап,
Жасасын ғұмырлы боп енді «Айқап».

Оставьте комментарий