Міржақып Дулатұлы — Шағым

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Шағым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Шағым текст, сөздері, ән мәтіні

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Тамшылап көзден аққан бұл суық жас,
Балқытып қашан ерітер жүректі тас?
Қаламнан жылап аққан қара бояу,
Жазылып қағазға, сен, жұртқа қыл паш.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бір кетерер
Жанымда жаны ашитын адам да жоқ.
Бар кінәм тамырына балта шаптым, —
Көрген соң шыдай алмай, қиянаттың.
Білген аяр, білімсіз айтар маған
«Обал жоқ, қылмысыңнан өзің таптың».
Қаптап тұр күнбатыстың қара бұлты,
Адасып сәуле көрмей қазақ жұрты.
Әсир боп жол іздеген жортуылшы,
Жол бөгеу жол тосқанның болып ғұрпы.
Алушы аңдушыны алмай қоймас,
Жеріне көңіліне алған бармай қоймас.
Әділдік аста қалған еш күні жоқ —
Ерте ме, кеш пе, бір із салмай қоймас.

Оставьте комментарий