Міржақып Дулатұлы — Қайтер едің

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Қайтер едің деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Қайтер едің текст, сөздері, ән мәтіні

Үмітпен созған қолыңды тағдыр қақса,
Біліп еткен ісіңнен зор мін тапса,
Оң дегенің теріске һаман бастап,
Арбаң сынып, өгізің өліп жатса.
Жан ашыған сөзіңді дұшман көріп,
Қоңырайып достарың салқын тартса,
Суық жылан араңнан кесіп өтіп,
Сөнбейтұғын өсектің отын жақса.
Жаның сүйіп барғанда сенен безіп,
Жоқтай болса дұшпаны сенен басқа.
Тіршіліктен көңілін неғып қайтпас,
Еңбегің болса егіндей еккен тасқа.
Адаспаса иесін табар бұл сөз,
Мағынасы шақырып дабыл қақса.
Қайтер едің, жігітім, сырыңды айтшы,
Бақытыңа кез болса мұндай һәсте?

Оставьте комментарий