Міржақып Дулатұлы — Қара құс һәм адам

Осы парақта Міржақып Дулатұлы — Қара құс һәм адам деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Міржақып Дулатұлы — Қара құс һәм адам текст, сөздері, ән мәтіні

(Айтыс)

Қара құс
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!

Қара құс
Атам менің қара құс,
Өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.

Адам
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесең…
Адамға қызмет…

Қара құс
Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досыңа
Оғыңды сақтап, сонан без!

Адам
Жауласармыз, тынармыз,
Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз.
Қара жүрек, қанды көз.

Қара құс
Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де біраз.

Адам
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп,
Біз біткенде қаңғырып,
Жоғаларсың сен өзің.

Қара құс
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!

Оставьте комментарий