Мәдина Сәдуақасова — Өткен күндер

Осы парақта Мәдина Сәдуақасова — Өткен күндер деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Мәдина Сәдуақасова — Өткен күндер текст, сөздері, ән мәтіні

Албырт жастық ап қашты
Айналаға қаратпай.
Артта қалды көп күндер
Аударылған парақтай.
Келер күнге сабақтай
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қанатымен қаз-үйрек
Суға сурет салғандай.
Қатар жүрген күндерді
Аңсаймыз біз армандай.
Мөлдір моншақ тамғандай,
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қайырмасы
Ағады өмір арнасын керіп,
Салуға сайран бермейді ерік.
Өткенді аңсап, мұңайма жібер,
Тоқтама, жүрек, соға бер үдеп.

Албырт жастық ап қашты
Айналаға қаратпай.
Артта қалды көп күндер
Аударылған парақтай.
Келер күнге сабақтай
Өткен күндер-ай,
Арман-ай, жалған-ай, қалғаны-ай,
Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Қайырмасы
Ағады өмір арнасын керіп,
Салуға сайран бермейді ерік.
Өткенді аңсап, мұңайма жібер,
Тоқтама, жүрек, соға бер үдеп.

Секілді бір таңғы арай,
Жүрек от боп жанғаны-ай,
Қайта оралып келмейтін
Өткен күндер-ай.

Оставьте комментарий