Ноян тобы — Ауылым

Осы парақта Ноян тобы — Ауылым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ноян тобы — Ауылым текст, сөздері, ән мәтіні

Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары,
Самғаушы еді ауылым.
Қ а й ы р м а с ы:
Жастығымның күәсі,
Шұрқыраған ауылым.
Жусаны мен жуасы,
Бұрқыраған ауылым. 2 рет
Биік-биік шың, құзға,
Құмар қылған ауылым.
Бүлдіршіндей бір қызға,
Сыңар қылған ауылым.
Қ а й ы р м а с ы:
Әнмен таңды атырып,
Ән салдырған ауылым.
Сары қымыз сапырып,
Тамсандырған ауылым. 2 рет
Көк түтінді шұбатып,
Желек созған ауылым.
Ай көрмесем құмартып,
Жүрек қозған ауылым.
Қ а й ы р м а с ы:
Көк торғындай көктемде,
Сағым қуған ауылым.
Алыс сапар шеккенде,
Сағындырған ауылым. 2 рет

Оставьте комментарий