Нұржан Керменбаев — Жан қызым

Осы парақта Нұржан Керменбаев — Жан қызым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Нұржан Керменбаев — Жан қызым текст, сөздері, ән мәтіні

Айналайын, қарашығым, мөлдірім,
Бөгей алсын өмір салған жолды кім?
Сені үйімнен кетеді ұзап дегелі, дегелі,
Жанарымның шарасына толды мұң.
Сен мен үшін орның бөлек дарасың,
Бақшамдағы тапқан гүлең жарасым.
Табиғаттың жұбай болу жолы ғой, жолы ғой
Сол жолменен құс боп ұшып барасың.

Қайырмасы
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.

Сен мен үшін баға жетпес асылсың,
Сүйген жарың сән күйіңді асырсын.
Бақытты бол, бақытты бол, жан қызым, жан қызым,
Барған жерде бағың гүлдей ашылсын.

Қайырмасы
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.

Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.

Оставьте комментарий