Нұржан Керменбаев — Өмір-ай

Осы парақта Нұржан Керменбаев — Өмір-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Нұржан Керменбаев — Өмір-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Күндерден озып күн алмасқан
Жылдарға келіп жыл жалғасқан
Өмір сырын жүрміз әлі ұғалмастан
Қанша жыл мені еркелетті
Қанша жыл мені өкпелетті
Арман қуып қанша уақыт текке кетті
Сұрақсың-ау бізге сынақсың-ау
Өмір-ай
 
Өмір-ай сағымдай
Өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың
Жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай
Сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің
Еркімізге бағынбай өмір-ай
 
Ғашық боламыз жек көреміз
Кешіріп кейде кектенеміз
Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз
Шын жұмбақсың бізге тым қымбатсың
Өмір-ай
 
Өмір-ай сағымдай
Өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың
Жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай
Сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің
Еркімізге бағынбай өмір-ай

Оставьте комментарий