Биік таулар бойшаңмын деп шіренбе
Күнің жетсе сенде бір құз боларсың
Терең теңіз тәкәппарсып түнерме
Суың кетсе сенде бір шөл боларсың
Ұлықпандай тапсаң дерттің дауасын
Рүстемдей жыртсаң жаудың жағасын
Ескендірдей алсаң да әлем қаласың
Бәрі бір сен жермен жексен боларсың
Тыңдаған жұрт үлгі тұтса сөзімді
Менменсінбе төмен ұста өзіңді
Наданға ерсең, қараңғы көр боларсың
Данаға ерсең, күндей ашар көзіңді
Бәрі бір сен жермен жексен боларсың