Ойлаймын ойлай берем таң атқанша
Ойланамын күндіз түні кеш батқанша
Кетер емес ойымнан сол бір күндер
Өтсе деймін мұңға толы сол бір түндер
Қайырмасы.
Ұмытармын ойланамын əр түні
Қимасамда ұмытамын бір күні
Амалым жоқ ұмытпасқа шарам жоқ
Тек өзіңді ұмытамын бір күні.
Өтеді лапылдаумен сол бір күндер
Мұңайады шыда жүрек мұңсыз түнге
Енді менде тілерім жан тəніммен
Ұмытсам деймін өзіңді жан тəніммен
Қайырмасы.
Жан жүрегім не дейді
Сезбейсің сен жан жүрегім сөз айтса
Төзбейсің сен