Әкешім мен анашым
Қимайды ау жатқа баласын
Өсірген алтын ұяңмен
Қоштасып сенде барасың
Қайырмасы
Бойжеттің өстің арайлана
Байқамағанбыз қалай ғана
Бара ғой енді бара ғой
Артыңа қалқам қарайлама
Жаутаңдайсың ау елігім
Еліңнің ақта сенімін
Мақатан қылсын құдалар
Өзіңде нәзік келінін
Қайырмасы
Бойжеттің өстің арайлана
Байқамағанбыз қалай ғана
Бара ғой енді бара ғой
Артыңа қалқам қарайлама
Дақ түспей аппақ арыңа
Адал бол сүйген жарыңа
Ұйтқы бол барған жеріңнің
Берекесімен бағына
Қайырмасы
Бойжеттің өстің арайлана
Байқамағанбыз қалай ғана
Бара ғой енді бара ғой
Артыңа қалқам қарайлама