Роза Әлқожа Абдіжапар ft. Маликов — Алатау, Алтай, Атырау

Осы парақта Роза Әлқожа Абдіжапар ft. Маликов — Алатау, Алтай, Атырау деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Роза Әлқожа Абдіжапар ft. Маликов — Алатау, Алтай, Атырау текст, сөздері, ән мәтіні

Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Кімдердің пальмасынан артық маған,
Бозарған көде, жусан, қарағаның
Ұшқышым құсыңды бұр, Шығысыма,
Алтайдай сәлем берем туысыма.
Сірә да, Клондайк, Аляскалар,
Алтайдың толар ма екен уысына?!
Даласы Ойхой Абай, «Абайлаған»,
Абай деп ,Семей десе қарайды адам.
Талай жылдар өтсе де, талай заман
Қазақта қалам тартар ақын туса,
Абайдың аруағына қарайлаған.
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті өкшелеген,
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Жайықтан менен Каспий көз алмағам,
сонау бір ұмыттың ба кездеріңді?
Құмыңды Құлан жортса, кезе алмаған.
Оралым — Ордам менің таныс маған,
Бораның Махамбет боп дауыстаған.
Исатай ақ семсерін, Құрман бабам,
Ұрпаққа домбырасын табыстаған.
Ойылы ма, бұл маңның Ырғызы ма,
Бәрі-дағы бергісіз қырмызыға.
Бас имей бір пенде де өте алмайды
Ақтөбе сансыз сәлем ұл-қызыңа!
Жап-жалпақ жауырыны, жатыр дала,
Алапат батыр-дала, ақын-дала,
Ақмола мен Қостанай арасында,
Дән өскен татырға да, тақырға да.
Құлаған аралына Дария-Сыр,
қазақтың Дария-Сыр — қариясы.
Күріштің Сырдың бойы қоймасы ма,
Немесе Қоймасы мен дән ұясы,
Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,
Әйгілі әулиеата — ақ отауың,
Жіберіп Тойға шашу, торқа жауып,
Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын.
Басынан Қаратаудың көш келмейді,
Қаратау енді ешкімге дес бермейді,
Мөлтілдеп қара көзден жас келмейді,
Қара көз қарындасым сескенбейді.
Жатады жайнап, түлегі,Жамбылым да,
Ешкімнің жаншылмайды хандығында.
Қайғырмас енді қазақ «Елім-айлап»,
Жерлеген әлдеқашан зарды құмға.

Сардала дала дала сағым ұшқан,
Аумайды-ау, түпсіз терең сағыныштан.
О шеті мен бұ шетін айыра алмай,
Құстар да бағытынан жаңылысқан.
Жарты адым жатқа қимай, сүйем жерді,
Түйеге талай көштер тиелген-ді,
Болмайды миың жетіп, мұнша жерді,
Ата-қазақ қалайша иемденді?!
Білемін, ақын жортқан бұл өлкені,
Мәңгілік мекендеген жыр-ертегі.
Қарттары  өлеңменен намаз оқып,
Жастары жыр жастанып күнелтеді.
Армысың, ардақ-мекен, асыл-мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен,
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.
Білмепті, бақыттары қасында екен

Оставьте комментарий