Кел, жолдасым, қонақ бол,
Кел аулыма жайнаған.
Аулым – табыс ордасы,
Қызу еңбек қайнаған.
Қайырмасы
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Тербетілген толқындай,
Алтын астық айналам.
Қырда қыруар қалың мал,
Бау бақшалы сай-салам.
Қайырмасы
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Жалын атқан жанары,
Ауыл толы жастарым,
Бақытын ұдай табады,
Бейбіт күні ашық аспаным.
Қайырмасы
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Абырайың асады,
Келші, досым, ауылға.
Көңілің көл боп тасады,
Жаңалық көп ауылда.
Қайырмасы
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Сұлтанғали Лұқпанов