Көркіңе көз тоймас келбетті,
Үйлерің әшекей өрнекті.
Күнменен таласқан шығыста
Өзіңдей қала жоқ сәулетті.
Қайырмасы
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
Күміс қар жамылған шың басы,
Алатау тұр асқақ тұлғасы.
Шаттығы шалқыған етегі,
Бұлбұлын сайраған тыңдашы!
Қайырмасы
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
Аймалап нұрлы күн шапағы,
Шұғыла қалама шашады.
Салтанат жарасқан Алматым,
Қонаққа құшағын ашады.
Қайырмасы
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.