Тәтіқара ақын — Кеше тоқыраулы судың бойынан

Осы парақта Тәтіқара ақын — Кеше тоқыраулы судың бойынан деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Тәтіқара ақын — Кеше тоқыраулы судың бойынан текст, сөздері, ән мәтіні

Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан,
Құмкент шәрінің қасынан,
Перінің қызы перизаттан туған,
Қара мерген атасы,
Сөзімнің жоқ қатасы,
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Қызметші боп жүр еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар құстай түледі,
Азуын тасқа біледі,
Дұшпанға найза тіреді.
Үш жүздің сонда баласы
Ақылдасып, кеңесіп,
Хан көтеріп еді!
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалап атқа мініндер,
Ханталау қылып алындар!

Оставьте комментарий