Халық әні — Абайкөк (екінші нұсқа)

Осы парақта Халық әні — Абайкөк (екінші нұсқа) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Абайкөк (екінші нұсқа) текст, сөздері, ән мәтіні

Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.
 
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
 
Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,
Қызыл тіл баяуламай, жоғарлап бақ.
 
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
 
Домбыра екі шекті қолға алайын, ай, абайкөк,
Қайырып он екі алуан ән салайын.
 
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
 
Жиылып өңшең құрбы отырғанда, ай, абайкөк,
Мен не ғып бұл қызықтан құр қалайын?!

Оставьте комментарий