Қараойда ма ауылың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Қайырмасы
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк.
Шынты көңілің, шын пейлің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.
Қайырмасы
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Халық әні