Халық әні — Айдай

Осы парақта Халық әні — Айдай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Айдай текст, сөздері, ән мәтіні

Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)

Мұқиттың-ай, мен салайын “Айдайына-ау”,
Бақ берген-ай, ер жігіттің-ау, маңдайына-ай, аһ-ай!
Алшаңдап асау кердей жүргенімде-ай,
Құрбының тап боламын-ай, айдай-ой, қандайына?!

Мұқитта мал дегеннен жалғыз сиыр,
Болады баспағымен екеу биыл.
Мұқиттың шаруамен жұмысы жоқ,
Күнде той жүрген жері, күнде жиын.

Бұл күнде жақсы да жүр, жаман да жүр,
Мал жинап кейбіреулер амалдап жүр.
Оралдан ән оздырған Мұқит ағаң,
Жас жетіп аяғынан шабандап жүр.

Халық әні

Оставьте комментарий