Тойға мінген торының ұрыншағы-ай,
Салбырайды қыздардың тұлымшағы-ай.
Қайырмасы
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.
Қалжың сөзге шамданып алшаңдама,
Мен де өзіңдей біреудің құлыншағы-ай.
Қайырмасы
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.
Сөз айтамын құрметтеп енді саған,
Сөз қадірін сезеді білген адам.
Қайырмасы
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.
Таң алдында секілді шолпан жұлдыз,
Көзің қандай жақсы еді жаутаңдаған.
Қайырмасы
Айман-ай, білемісің Жамал-ай.