Халық әні — Айша бибі

Осы парақта Халық әні — Айша бибі деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Айша бибі текст, сөздері, ән мәтіні

Қыран бүркіт ұшады қыр айналып,
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.

Ит болмайды қасқырды баққанменен,
Ажалсызға оқ тимес атқанменен.
Әлу-әй.
Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді,
Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий