Халық әні — Ай көке

Осы парақта Халық әні — Ай көке деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ай көке текст, сөздері, ән мәтіні

Сырымбет биік адыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай, қайың мен тал – бәрі де әсем.
 
Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.
 
Мөп-мөлдір сынап құсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал егінге жай,
Шырайы әдемі жер күліп жатқан.
 
Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.

Оставьте комментарий