Халық әні — Ай-хой, Елім-ай

Осы парақта Халық әні — Ай-хой, Елім-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ай-хой, Елім-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Ауылым қос арықтың жағасында,
Қолымның алтын жүзік саласында.
Қайран елім қалады, қайран елім.
Бірге өскен құлын-тайдай, құрбыларым,
Туған жер, қайран елім, қаласың да.

[Қайырмасы]
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.

Ауылым көшіп, қонады терең сайға, ай,
Мінезің шырын-шәрбет қызыл шайдай.
Жібердім сағынғаннан бір хат жазып,
Апырмай, жетер ме екен қалқатайға, ай!

[Қайырмасы]
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.

Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп.
Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де,
Ауылым, туған жерім, аман ба деп.

[Қайырмасы]
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.

Оставьте комментарий