Халық әні — Алтай

Осы парақта Халық әні — Алтай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Алтай текст, сөздері, ән мәтіні

Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.

Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!

Азияның Алтайым қазынасы,
Алтын-күміс, мысы мен таусылмас асыл тасы.
Өндірісін Риддер өркендеткен,
Сартылдайды жұмыскер жаңғырған ай балтасы.

Алып Алтай,
Құшағында-ай,
Құшағында-ай,
Ақтарылып ен байлық
Кен шығады-ай,
Кен шығады-ай!

Халық әні

Оставьте комментарий