Халық әні — Алтынай

Осы парақта Халық әні — Алтынай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Алтынай текст, сөздері, ән мәтіні

Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Халық әні

Оставьте комментарий