Алғашқы сенің сырларың,
Естілді маған ән болып.
Алғашқы жарқын дидарың,
Алдымнан атты таң болып.
Қайырмасы
Алғашқы әнім- арманым,
Арайлап атқан таңдарым.
Алғашқы туған махаббат,
Әнімді саған арнадым.
Сен тұрсың әлі еркелеп,
Көзіңе мөлдір көл тұнған.
Жаралдың ба әлде жел тербеп,
Толқынды қуған толқыннан.
Қайырмасы
Атыңды әнге қосамын,
Жаңғыртып таудың орманын.
Сағындым, еркем, сені ойлап,
Қайдасың, асыл арманым?!
Қайырмасы