Халық әні — Арман-ай

Осы парақта Халық әні — Арман-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Арман-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Ой, дүние, жас уақытта ойнап, күлсек,
Біраз күн көріп қызық, дәурен сүрсек.
Көзіне әркімдердің түсер едік,
Қол жетіп тәуір киіп, жақсы ат мінсек.

Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.

Осындай ахахаулар бүгін көрсек,
Бос кеткен өмір екен – ойлап білсек.
Дүниеде қайда жүрсек қор болмаспыз,
Соңынан өнер-білім зыр жүгірсек.

Шіркін-ай, шіркін-ай,
Бұл дүниенің қызығы –
Ойнап-күлген дәурен-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий