Халық әні — Асылым

Осы парақта Халық әні — Асылым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Асылым текст, сөздері, ән мәтіні

Толқын ойнап,көлдің беті желдетті,
  Көктем келді,нөсерлетті,сөлдетті.
  Көрдім дағы найзайдың жасылын,
  Сені ойладым жарқылдаған асылым.
 
  Жаз да шықты, жердің жүзін жайнатты,
  Тау-тоғай да бұлбұлдарын сайратты.
  Зорға басып жүрегімнің тасуын,
  Сені ойладым келеді деп асылым.
 
  Құстар қайтып алыс-алыс жақтарға,
  Гүлдер солып қырау түсті бақтарға.
  Сары күзде сарғайдым да жасыдым,
  Сені ойладым аңқылдаған асылым.
 
  Бәрі де өтті қыс та қайта оралды,
  Дала мүлгіп, ақ көрпеге оранды.
  Ғашықтарға сыр болммайды жасырын,
  Мен сендікпін,біл осыны,асылым!

Оставьте комментарий