Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)
Бұл жалғанда Асылдай асыл бар ма,
Асады ғашықтығым асыл жанға, ғашық-ай.
Хор қызы да тең келмейді сені ойласам,
Ойымда жатсам-тұрсам Асыл ғана, ғашық-ай.
Асылым-ай, жан сәулем-ай, Асылым-ай,
Асылмен ойнар ма еді асылып-ай, ғашық-ай.
Ойнағанда Асылмен асылып-ай,
Төсекте қалсын маржан шашылып-ай, ғашық-ай.
Ғашық едім өзіңе,
Асылды да қасыңа ал, ай!
Халық әні