Халық әні — Ахау, лилилай-ау

Осы парақта Халық әні — Ахау, лилилай-ау деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ахау, лилилай-ау текст, сөздері, ән мәтіні

Есік алды қара су, қалың жиде,
Көңілім онда болса да көзім үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Жата алмадым құлазып жалғыз үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Ойнап күлген жерінде қамыс қалды,
Қалақатайдың аулы алыс қалды.
Ахау, лилилай-ау.

Алыс қалған аулыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайрылып мойным талды.
Ахау, лилилай-ау.

Халық әні

Оставьте комментарий