Халық әні — Ахау, Семей

Осы парақта Халық әні — Ахау, Семей деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ахау, Семей текст, сөздері, ән мәтіні

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен,
Болмайды жаман – жақсы мақтағанмен.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Сүймесе несі қызық екі жастың,
Күйеу боп босағаны аттағанмен?!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Оставьте комментарий