Халық әні — Аяулым

Осы парақта Халық әні — Аяулым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Аяулым текст, сөздері, ән мәтіні

Қара төбел қарағым құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

Қара бүркіт келмейді қайыруға, аяулым,
Не демейді көп дұшпан айыруға, аяулым.
Арадағы дұшпанның сөзіне ермей, аяулым,
Кел, екеуміз шығайық жайылуға-әй, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

Халық әні

Оставьте комментарий