Аяулы арманымдай асылым ең,
Өзіңмен тілдескенше асығып ем.
Ең алғаш көргенімде,
Ерке сәулем,
Көзіме оттан да ыстық басылып ең.
Қайрмасы
Аяулы асылым ең,
Көргенше асғып ем.
Махаббат самалы өскен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші,күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.
От шашып жанарыңнан жымиясың,
Жаныма сарқылмастай сыр құясың.
Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем,
Кеудеме орнатта әнмен жыр ұясын.
Қайырмасы