Халық әні — Ағажай

Осы парақта Халық әні — Ағажай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ағажай текст, сөздері, ән мәтіні

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Мінген атым астымда телкүреңім-ой,
Ел аралап, ән салып көп жүремін,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Болсам егер дәрігер қолы жеңіл-ой,
Жараланған емдейтін ел жүрегін,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Екі торы ат белдеуге байламадым-ой,
Бұл дүниенің өтерін ойламадым,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Жастық дәурен барады арманда өтіп-ой,
Қол ұстасып өзіңмен ойнамадым,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Халық әні

Оставьте комментарий