Қара су есік алды жусан ба екен,
жусан ба екен,
Белімді жусанменен бусам ба екен.
Қайырмасы
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.
Өтіп кеткен басымнан жиырма жасты-ай, жиырма жасты-ай,
Қос ат алып артынан қусам ба екен.
Қайырмасы
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.
Дүние қызығың-ай тұрғаныңда, тұрғаныңда,
Жиылып тақта кеңес құрғаныңда.
Қайырмасы
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.
Хан демей, қара демей телміртесің, телміртесің,
Мойныңды бір теріске бұрғаныңда.
Қайырмасы
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.