Жоғарыдан келемін заулай түсіп,
Орған бидай жатады баудай түсіп,
Сен есіме түскенде, қалқа бала,
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп,
аунай түсіп.
Қайырмасы
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.
Қалқатайым, қарағым, алтындайсың,
Алтын сапты қылыштай жарқылдайсың.
Інжу-маржан аузыңнан гүл төгіліп,
Ешбір жаннан, сөйлесең, тартынбайсың.
Қайырмасы
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.