Халық әні — Ақбидай /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Ақбидай /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақбидай /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай,
Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай.

[Қайырмасы]
Ғашық жар, сәулем-ай!

Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай,
Ден сау болса, салдырап қиғаш қасқа, Ақбидай.

[Қайырмасы]
Ғашық жар, сәулем-ай!

Мына беткей қай беткей, құба беткей, Ақбидай,
Ер жігітке мал қайда талап етпей, Ақбидай.

[Қайырмасы]
Ғашық жар, сәулем-ай!

Менің, сірә, көңілім басылмайды, Ақбидай,
Кербезімнің тұсынан жанап өтпей, Ақбидай.

[Қайырмасы]
Ғашық жар, сәулем-ай!

Оставьте комментарий