Халық әні — Ақсаусақ

Осы парақта Халық әні — Ақсаусақ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақсаусақ текст, сөздері, ән мәтіні

Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы, Ақсаусақтай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қабылдашы құрбының жазған хатын,
Әдейі арнап жолдаған аманатын.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Жалындаған жүректің жастық отын
Сөндірмеші, сүйінші махаббатын!

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!
Халық әні

Оставьте комментарий