Халық әні — Ақсұңқар /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Ақсұңқар /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақсұңқар /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзін теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұрадыма жандай едім.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсін беріп.
Мен саған басы байлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Халық әні

Оставьте комментарий