Балауса қыз едің бір кезде
Шашыға ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде,
Көркіңе көз тастап ойланам.
Қайырмасы
Нұрлы бейнең қандай жарқын,
арманысың қандай жанның.
Шынарым-ай,
Сен мөлдірсің, еркем,
Тау бұлағындай.
Жол жатыр шақырып алдында,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін ержетіп қалдың ба,
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.
Қайырмасы.
Жылдардың еркіңе бағындың,
Жылдарға қол оздың,жан құрбым.
Белгісін балалық шығыңның,
Айтшы,сен қай жерде қалдырдың?
Қайырмасы.