Халық әні — Ақ жайқын көл

Осы парақта Халық әні — Ақ жайқын көл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақ жайқын көл текст, сөздері, ән мәтіні

Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Халық әні

Оставьте комментарий