Халық әні — Ақ маңдайлым

Осы парақта Халық әні — Ақ маңдайлым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақ маңдайлым текст, сөздері, ән мәтіні

Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шықтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

Қайырмасы
Айналдым,ақ маңдайлым,
Ақылдым,бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма,’жан сәулем!’ де,
Жақсылықтың жоқ,сәулем,ерте-кеші,
Жадырашы,назданшы,еркелеші.

‘Сен’ деген сөзің серттен артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып еді.

Қайырмасы.

‘Сен’ деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
‘сіз’ деген салқын сөзлен тоңамың ғой,
‘Сен’ десең көңіл қайта шалқыр еді.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий