Ақшоқы бауыры жазық, басы биік,
Сен сонда мекендеген, ай-гүл-гой,
ерке киік, ірі-юяй.
[Қайырмасы]
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.
Жар жолы асу екен асқар-асқар,
Жетем деп арманыма, ай-гүй-гой,
тартып күйік, ірі-юяй.
Келеді қара бұлттар меңдей болып,
Қалады кескен терек жеңдей болып.
[Қайырмасы]
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.
Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,
Көзіме кім көрінер сендей болып.
[Қайырмасы]
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.