Халық әні — Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Дәйім менің мінгенім қара тал тай,
Неге міндім шіркінді тағалатпай.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Кәмшәт бөрік шекеме қырын киіп,
Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Халық әні

Оставьте комментарий