Халық әні — Ақ сиса /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Ақ сиса /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ақ сиса /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.

Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса.

Халық әні

Оставьте комментарий