Халық әні — Бақыт құшағында

Осы парақта Халық әні — Бақыт құшағында деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Бақыт құшағында текст, сөздері, ән мәтіні

Көзіңнен бір ұшқын,
Ұштыма,білмедім.
Әйтеуір, нұр құштым,
Әйтеуір,гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы
Кел,билейік,кетпе менің қасымнан.
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,
Жырымсың армандай.
Бір бақыт көрінген,
Жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.

Қайырмасы.

Күнезіс шуақпын,
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын,
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді,
Көңілді, жалынды
Сен биле еркінді,
Әлдиде жанымды.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий