Халық әні — Болмас еді арманым

Осы парақта Халық әні — Болмас еді арманым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Болмас еді арманым текст, сөздері, ән мәтіні

Қазығұртты жағалай тас болады,
Шын азамат үйінде бас болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін,
Ішім жанып, көзіме жас толады.

Қапа боп тағдырыма,
Өлеңімді айтамын.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Ұлы жұртты жағалай тал болады,
Ашылмаса көңілім дал болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Қасіреттің қайғысы басқа түссе,
Айдын көлге ақ үйрек зар болады.

Қапа боп тағдырыма,
Өлеңімді айтамын.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Халық әні

Оставьте комментарий