Халық әні — Бурылтай /3-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Бурылтай /3-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Бурылтай /3-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Таңбасы жоқ, ені жоқ бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Ахау, бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Хош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау айдай,
Жариям айдай.
Достың көңілін қалдырма,
Қыз қалқатай.

Қамшы бастым асыға бурылтайға,
Өткел бермей тоқтақтан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орнынан бір күн түнде,
Қалқатайдың аулы кетті қайда?

Ахау, бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Хош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау айдай,
Жариям айдай.
Достың көңілін қалдырма,
Қыз қалқатай.

Халық әні

Оставьте комментарий